Accessibility links

ФАТХ басшылығын сайлау кейінге ысырылды


Палестина автономиясындағы ФАТХ қозғалысының басшылығын сайлау жексенбіге қалдырылды. Бастапқыда дауыс беру жұмаға жоспарланды, кейін сенбіге ығыстырылған болатын.
Палестина автономиясының төрағасы Махмуд Аббас бастаған ФАТХ қозғалысы соңғы 20 ішіндегі алғашқы сиезін өткізіп жатыр.
Жорамал бойынша, Палестина автономиясының ұлттық әкімшілігінің төрағасы Махмуд Аббас қозғалыстың көсемі болып қалатын сияқты. Сонымен қатар Орталық комитеттің 21 мүшесі және қозғалыстың Төңкеріс кеңесінің 120 өкілі сайлануға тиіс.
1965 жылы Ясир Арафат құрған ФАТХ қозғалысының халық арасындағы абыройы соңғы кезде түсе бастады. 3 жыл бұрын сайлауда ХАМАС тобына жеңіліп қалып, бұл топ Газа аймағындағы билікті тартып алды.
XS
SM
MD
LG