Accessibility links

Пәкістан тәліптерінің көсемі қаза тапты ма?


Пәкістандағы тәліптердің көсемі Байтулла Мехсудтың көмекшісі оның қаза тапқанын теріске шығарды. Алайда дала қолбасшысы Хакимулла Мехсуд оған ешқандай айғақ келтіре алмады.
Одан бір күн бұрын Байтулланың қаза тапқанын оның басқа көмекшісі растаған болатын.
Оның қаза болғанын Пәкістанның барлау қызметі хабарлаған болатын. Бірнеше күн бұрын Пәкістанның батысында Байтулла Мехсудтың туысының үйіне, жорамал бойынша, АҚШ-тың адамсыз ұшатын ұшағы зымырандық соққы берді. Алғашқыда одан Мехсудтың әйелі мерт болғаны хабарланды. Одан кейін Байтулланың өзі де жер құшқаны туралы хабар шықты.
XS
SM
MD
LG