Accessibility links

Иран шетел азаматтарын қоса соттауда


Иранда оппозицияның маусым айындағы наразылық шарасына қатысқан тағы бір топтың үстінен сот басталды. Олардың ішінде француз азаматшасы және Франция мен Англия елшіліктерінде қызмет істейтін Иран азаматтары бар. Оларға тыңшылық етті деген айып тағылды. Ағылшын үкіметі өз елшілігінің қызметкерлерін соттауға негіз жоқ деп мәлімдеді.
100-ге тарта кісіні жазаға тартқан бірінші сот осыдан бір апта бұрын аяқталды. Оппозиция көсемдері сотталушылардың құқы бұзылғанын айтып, сот процесін өткір сынға алды.
Ирандағы жаппай наразылық шеруі 12 маусымдағы президент сайлауының ізінше басталды. Дауыс беру кезінде заңсыз бұрмалаушылықтарға жол берілгенін мәлімдеген оппозиция қазіргі президент Махмуд Ахмадинеджадтың жеңісін мойындамады. Шеруді қуып тарату барысында 30-ға жуық адам мерт болды.
XS
SM
MD
LG