Accessibility links

Англия әскері Ауғанстанда 40 жыл болуы мүмкін


Ағылшын армиясының жаңа бас қолбасшысы генерал Дэвид Ричардс Англия Ауғанстанда 40 жыл бойы бірқатар рөл атқара алады деп санайды.
«Таймс» газетіне берген сұхбатында генерал Ричардс мәлімдегендей, егер алдағы 30-40 жылда Англия Ауғанстанның дамуына, басқаруына және қауіпсіздік саласын реформалауына атсалысуын жалғастырған күнде ғана ағылшын күштері қажет болады.
Оның пікірінше, Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік күштері дайын болмайынша, НАТО-ның өз күштерін алып кетуіне ешқандай мүмкіндігі болмайды.
Дэвид Ричардс осы айдың соңында бас штабтың бастығы міндетіне кіріседі.
Ауғанстанда Англияның шамамен 9 мың жауынгерлік әскері бар. 2001 жылдан бері Ауғанстанда ағылшындардың 195 жауынгері қаза тапты.
XS
SM
MD
LG