Accessibility links

Тамызда ғана Ауғанстанда НАТО-ның 20 өкілі қаза тапты


Ауғанстанда ағылшын жауынгері қаза тапты. Ол оңтүстіктегі Гильменд облысында патрульдеп жүрген кезінде минаға жарылды.
Жалпы тамыз айының басында ғана Ауғанстанда халықаралық коалицияның 20 жауынгері құрбан болды. Өткен шілде айында олардың саны 75 кісіге жетіп, 2001 жылы басталған соғыстағы ең үлкен көрсеткіш болып табылады.
20 тамызға тағайындалған президент сайлауы қарсаңында тәліптер әсіресе белсенді әрекет ететін Ауғанстанның оңтүстігіне сайлауға мүмкіндік жасау үшін Анлия мен Американың қосымша күштері шоғырландырылды.
XS
SM
MD
LG