Accessibility links

Ақ үй Ауғанстандағы сайлаудың әділ өтуін қолдайды


Ресми Вашингтон Ауғанстандағы президент сайлауының келешек жеңімпазымен жұмыс істеуге әзір. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон осылай деп мәлімдеді. Ақ үй, оның сөзі бойынша, Ауғанстандағы президент сайлауының ашық әрі әділ өткеніне көзін жеткізу жолында іс атқарып жатыр.
Х.Клинтон, сонымен қатар, Вашингтон мен Кабулдың қарым-қатынасында алға басқан тұстарының да, жақсартуды қажет ететін сәттерінің де барлығын атап көрсетті.
Ауғанстандағы кезекті президент сайлауы 20 тамызда өтуге тиіс.
XS
SM
MD
LG