Accessibility links

Пәкістан тәліптерінің көсемдері өзара атыспаған


Пәкістандағы тәліптердің көсемі билік үшін өзінің бақталасымен арадағы таластан кісі қазасына жеткізген жанжалдың шыққанын теріске шығарып, өзінің де, бақталасының аман екенін мәлімдеді.
Өткен сенбі күні Пәкістанның ішкі істер министрі Рехман Мәлік хабарлағандай, Уәли-ур-Рехман өзінің бақталасы Хакимулла Мехсудпен атысып, бірінің оққа ұшқаны туралы хабар шықты.
«Рейтер» агенттігі Уәли-ур-Рехманның оны теріске шығарған сөзін жариялады.
Бастапқы ақпарға қарағанда, ол екеуі өткен аптада АҚШ-тың зымырандық соққысынан мерт болды деп есептелген Пәкістан тәліптерінің көсемі Байтулла Мехсудтың орнына таласып жанжалдасқан көрінеді.
XS
SM
MD
LG