Accessibility links

Абай Құнанбайұлының туғанына - 164 жыл


Бүгін Абай Құнанбайұлының туған күні. Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлы (Ибраһим) Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген.

«Қазақтың бас ақынының» өмірден өткеніне де 105 жылдың жүзі болды. Данышпан Абай 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебайға қойылды. Қазір сол Жидебайдағы ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар.

Алматыда Абайдың туған күніне орай жыл сайын дәстүрлі түрде «Абай оқулары» өткізіледі. Бүгін жергілікті сағат 17.00-де Республика Сарайының алдындағы Абай ескерткішінің маңында Қазақстан Жазушылар одағы, Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасы және Абай қорының ұйымдастыруымен «Абай оқулары» өтеді.
XS
SM
MD
LG