Accessibility links

Тәжік полициясы исламшыл бүлікшіні өлтірді


Тәжікстан полициясы Талибанмен байланысы бар деп күдіктелген исламшыл бүлікшіні өлтірді деп хабарланды. Батыс бұқаралық ақпарат құралдары Тәжікстан ішкі істер министрлігінің өкіліне сілтеме жасай отырып, Өзбекстан ислам қозғалысының белсендісі Лутфулло Турсунов оққа ұшты деп хабарлады.

Осы айдың басында Тәжікстан Өзбекстан ислам қозағылысына қатысы бар бірқатар бүлікшілердің көзін жойғанын мәлімдеген болатын. Аталған топ Ауғанстанда Талибанның жағында соғысады.
XS
SM
MD
LG