Accessibility links

Иран халықаралық қысымды қабылдамайтынын айтты


Иран өзінің даулы ядролық бағдарламасына қатысты жаңа келіссөздер өткізудің соңғы мерзімі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың қысымын қабылдамайтынын айтты. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі мен Германия келіссөздерді қыркүйек айына белгілеген болатын.

Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хассан Кашкави журналистерге берген сұхбатында Теһран келіссөздерге қарсы емес бірақ соңғы мерзім туралы халықаралық қауымдастықтың қысым жасауына жол бермейді деп атап көрсетті.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді бірақ Теһран мұндай айыптауларды жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG