Accessibility links

ҚР статистика агенттігі: Шілде айында тұрғын үй бағасы арзандаған


Қазақстанның тұрғын үй нарығындағы осы жылдың шілде айында бағаның төмендеуі байқалды, — деп хабарлайды ҚР статистика агенттігі.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, шілдеде алдыңғы айлармен салыстырғанда жаңа баспаналардың бағасы 2,4%-ға, қайта сатылымдағы жайластырылған үйлер бағасы 1,6%-ға, жайластырылмаған үйлер – 1,5%-ға арзандаған.

Жыл басынан бері жаңа үйлердің бағасы 6,5%, ескі үйлер – 4,8%-ға төмендеген. Орташа есеппен шілде айында жаңа үйдің бір шаршы метрі 138,099 мың теңге, ал ескі үйлердің бір шаршы метрі 102,789 мың теңге болған.
XS
SM
MD
LG