Accessibility links

Мьянма оппозициясының жетекшісі үйқамаққа қайта алынды


Мьянма соты оппозиция жетекшісі Аун Сан Су Чжиді қауіпсіздік заңын бұзды деген айып бойынша айыпты деп таныды. Соттың шешіміне сәйкес Су Чжи үйқамаққа қайта оралатын болады.

Мамыр айында бір американдық азамат көл арқылы өтіп, Су Чжидің үйіне барған соң оған үйқамақтың шарттарын бұзды деген айыптар тағылған болатын. Басында сот Нобель сыйлығының иегері 64 жастағы Су Чжиді үш жылға түрмеге жабу туралы шешім шығарды. Бірақ Мьянма әскери билігі бұл үкімді жеңілдетті.

Еуропа Одағы сот шешімін айыптап, Су Чжидің босатылуын талап етті.
XS
SM
MD
LG