Accessibility links

АҚШ Иранды 3 американдықпен байланысуға мүмкіндік беруге шақырды


АҚШ Иранды осыдан бір апта бұрын тұтқындалған 3 американдық азаматпен байланыс орнатуға мүмкіндік беруге шақырды.

АҚШ мемлекеттік департаменті баспасөз хатшысының орынбасары Роберт Вудтың мәлімдуінше, Иран үкіметі Теһрандағы Швейцария елшілігінің ресмилеріне әлгі американдықтармен кездесуге рұқсат бермеген. Халықаралық заңға сәйкес АҚШ мүддесін қорғайтын Швейцария елшілігінің консулдық кездесуіне Иран мұрсат беруі тиіс болатын деді Вуд.

Осыдан шамамен 30 жыл бұрын АҚШ пен Иран арасында ресми дипломатиялық байланыстар үзілген-ді.
XS
SM
MD
LG