Accessibility links

Бүгін халықаралық жастар күні


1998 жылдың 8 -12 тамыз күндері Лиссабонда өткен Дүниежүзілік жастар ісі жөніндегі министрлер конференциясының ұсынысымен халықаралық жастар күнін (International Youth Day) БҰҰ Бас Ассамблеясы 1999 жылдың 17-желтоқсаны күні қабылдаған, бұл мереке 2000 жылдан бері аталып келеді.

Халықаралық жастар күні БҰҰ-ның бекітуімен дүниежүзі бойынша жастар жөніндегі бағдарламаларды таратуға арналған. Бағдарламада білім, жұмысқа тұру, кедейшілікпен күрес, денсаулық сақтау, қоршаған орта, есірткі тасымалдау мәселелері қамтылған.
XS
SM
MD
LG