Accessibility links

ҚР Статистика агенттігі: Ең көп жалақы қаржыгерлерде, ал ең аз айлық алатын балықшылар


Қазақстанда орташа номиналдық жалақы алғашқы жартыжылдықта 12% -ға көбейіп, 64,6 мың теңгені құрады, — деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігі.

2009 жылдың маусым айында орташа есеппен бір жұмысшының номиналдық жалақы көлемі 68 мың 901 теңгені құраған, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 9,4%-ға артық.

Жалақының құрылымдық салалардағы жоғары көлемі бұрынғыша қаржы сферасында сақталған – 132,3 мың теңге (бұл орташа республикалық деңгейден 1,9 есе жоғары), кен өндіру саласында– 117,4 мың теңге (бұл 1,7 есе көп), жылжымайтын мүлік саласы – 102,8 мың теңге ( 1,5 есе) құрылыста – 90,5 мың теңге (1,3 есе жоғары).

Ең төменгі айлық жалақы балық шаруашылығы саласының жұмысшыларына тиесілі, оның көлемі – 29 мың теңге, бұл орташа көрсеткіштен 57,9%-ға төмен.

Ал аймақтық бөлініс бойынша, орташа республикалық деңгейден 1,8 есе жоғары ең жоғарғы жалақы Атырау облысында – 127 мың теңге, ал Жамбыл облысындағы жалақы орташа көрсеткіштен 33,9%-ға төмен, яғни 45,6 мың теңгені құрайды.

XS
SM
MD
LG