Accessibility links

Мұрат Жұманбай: Іле Алатау ұлттық паркінің жерін сатқандар жауапқа тартылды


Іле Алатау мемлекеттік ұлттық паркінің бұрынғы бас директоры Абай Бегімбетовке қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді, — деп хабарлады Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

«Парк директорының әрекетсіздігінен қорықтың жалпы аумағы 482 гектрады құрайтын 250 жер телімі заңсыз түрде иеліктен шығып кеткен, осының салдарынан мемлекетке 3 миллиард 362 миллион теңге шығын келді», — деді ол.

Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттік Іле Алатау мемлекеттік ұлттық паркіне тиесілі жердің иеліктен шығып кетуіне байланысты қозғалған басқа да қылмыстық іс бойынша тергеуді тоқтатты.

2002-2009 жылдары ұлттық паркке тиесілі 65 гектардан астам жер жеке және заңды тұлғалардың иелігіне өтіп кеткен, бұл қылмысқа қатысты Алматы облысында ұсталған топтың құрамында Қарасай аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы мен оның қол астындағы үш қызметкер мен ауыл әкімі бар. Бұл қылмыстық топ мемлекетке 2 миллиард 59 миллион теңге шығын әкелген, айыптылар сотқа тартылған.

Сондай-ақ 413 гектар парк жерін жеке меншікке сатып жіберген Еңбекшіқазақ ауданының бұрынғы әкімі К. Әбдірахманов пен осы ауданның жер қатынастары бөлімінің бастығы А. Тектібаевтар үш жылға сотталды, олар 2, 156 миллиард теңге шығынды толығымен қайтарды.
XS
SM
MD
LG