Accessibility links

Косово соғыс қылмыстарында айыпталған сербті тұтқындады


Косово полициясы 1990-шы жылдардың аяғындағы соғыста этникалық албандардың өлтірілуіне қатысы бар деп күдіктелген серб азаматын қамауға алды. Полиция баспасөз хатшысы Арбер Беканың мәлімдеуінше, 33 жастағы серб азаматы ЕуроОдақ прокурорларының көмегімен жүргізілген операция барысында сейсенбі күні кешке тұтқындалған. Оған Призрен қаласы жанында соғыс қылмыстарын жасады деген айыптар тағылып отыр.

1998-1999 жылдары Сербия күштерінің Косовоның албан сепаратистеріне қарсы жасаған шабуылдарынан шамамен 10 мың адам қаза тауып, 2 мыңға жуық адам із-түссіз жоғалып кетті.
XS
SM
MD
LG