Украинаның жоғары лауазымды ресми өкілі Ресей президенті Дмитрий Медведевтің мемлекет басшылығына жолдаған хаты «агрессивті түрде» жазылған деп бағалады.
Президент Медведев өзінің ашық хатында Киевті антиресейлік саясат жүргізді деп айыптады. Ресей президенті антиресейлік саясаттың мысалы ретінде Киевтің Тбилисиге Ресей-Грузия қақтығысында және елдің НАТО-ға кіруінде білдірген қолдауын атады. Осы жағдайға байланысты Медведев Ресейдің жаңа елшісі Михаил Зурабовтың Украинаға баруын кейінге қалдыруға шешім қабылдаған болатын.
Виктор Ющенконың көмекшісі Вера Ульянченко Медведевтің сейсенбі күнгі бұл мәлімдемелері тек Ющенкоға ғана емес бүкіл елге бағытталған деп атап көрсетті.