Accessibility links

Путин Абхазияда


Ресей премьер-министрі Владимир Путин Абхазияға барды. Бұл оның Ресей-Грузия соғысынан кейін аймаққа жасап отырған алғашқы сапары. Ресей ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Путин жергілікті басшылармен кездесіп, экономикалық ынтымақтастық пен тағы басқа мәселелерді талқылайды.

Өткен жылғы соғыстан кейін Мәскеу Грузияның жікшіл аймақтары - Абхазия мен Оңтүстік Осетияны тәуелсіз мемлекеттер деп мойындаған болатын. Путиннің мәлімдеуінше, Грузия 2008 жылдың тамыз айындағы соғыстан үлкен сабақ алуы тиіс. Ресей аталған аймақтарға бірнеше мың сарбазын орналастырды.

Сәрсенбі күні Путин Абхазияның қорғанысын күшейту мақсатында жарты миллиард доллар қаржы бөлуге уәде етті.
XS
SM
MD
LG