Amnesty International ұйымы Иранды шерулерде тұтқындалған 100-ден аса адамның сотын халықаралық бақылаушылардың қадағалауларына мұрсат етуге шақырды. Құқық қорғаушы халықаралық ұйымның бас хатшысы Ирен Ханның мәлімдеуінше, Теһранда басталған сот билік орындарының президент сайлауынан кейінгі жаппай шерулердің заңдығын жоюға бағытталған әрекеттері болуы мүмкін.
Amnesty International-дың мәліметінше, қамауға алынған кей наразылық танытушылардың түрмеде қинап азапталғандығына дәлелдер бар.
Иран оппозициясының айтуынша, сайлаудан кейінгі шерулерде 69 адам өлтірілген.