Ресей мен Беларус және Қазақстан елдерінің ортақ Кеден одағы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға қатысты келіссөздерге байланысты бірлескен топ құрды. Бұл туралы Интерфакс агенттігі хабарлады.
Ресей премьер-министрінің бірінші орынбасары Игорь Шувалов сәрсенбі күні Мәскеуде журналистерге берген сұхбатында аталған топты Максим Медведков басқаратын болады деп мәлімдеді.
Медведков Дүниежүзілік сауда ұйымына қатысты келіссөздерде Ресей делегациясына жетекшілік етеді.