Accessibility links

16 тамыз — Спорт күні


Қазақстанда Республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы 15 -қарашада жарық көрген Жарлығына сәйкес, тамыздың үшінші жексенбісінде Спорт күні аталып өтеді.

Алматы қаласында Спорт күнін мерекелеу 15 және 16 тамыз күндері өтеді. 15 тамыз күні «Спутник» стадионында Алматы қаласы әкімшілігі мен жаттықтырушы-ұстаздық құрылымдарының және қаланың спорт мектептері мен клубтарының қатысуымен мерекелік жарыстар өтеді.

16 тамыз күні Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің қатысуымен веложарыс өтеді. Оған 18 бен 50 жас аралығындағы қала тұрғындары қатысады.
XS
SM
MD
LG