Accessibility links

Ресми Тбилиси Кремльді айыптайды


Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің Абхазияға сапарын ресми Тбилиси арандатушылық деп бағалады. Грузин сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Путин 2008 жылдың тамызындағы Грузияға қарсы соғыстың «ең басты себепкері» деп аталды. Грузин министрлігінің әсіресе ызасын келтіргені – орыс премьер-министрінің Сухумиге сапары осыдан бір жыл бұрын Саркози-Медведев келісіміне қол қойған күні болып отыр. Грузин дипломаттары мұны кездейсоқтық емес деп есептейді.
Ресми Тбилисидің мәлімдемесінде: «Путиннің басып алынған Абхазияға сапары Кремльдің жалпыға бірдей нормалар мен және халықаралық ережелерді және өзінің халықаралық міндеттемелері мен өзінің мемлекеттік абыройын елемейтінін тағы да айқын көрсетеді. Осылайша Ресей 2008 жылдың 12 тамызындағы келісімді орындау ниетінің жоқтығын анық байқатып отыр», - делінеді.
XS
SM
MD
LG