Accessibility links

Шыңжаңда екі дүркін жер сілкінді


Бүгін таңертең Қытайдың солтүстік батысында, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында 3,7 және 4,0 магнитудалық жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды РИА Новости Sina жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жер асты дүмпулері Бейжің уақыты бойынша таңғы 03 сағат шамасында (Алматы уақытымен сағат түнгі 01) орын алған, зілзала салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпараттар әлі хабарланбаған. Күші 3 балдық жер сілкіністері бұл аймақта 21-шілдеден бері жалғасуда.

Қытайда өткен жылдың мамыр айынан бері жер асты дүмпулері қайта-қайта орын алуда. Соңғы 30 жылдағы 8 балдық ең күшті жер сілкінісі 2008 жылдың 12 мамырында Сычуань провинциясында болған. Ресми мәліметтер бойынша онда 87 мың 150 адам із-түзсіз жоғалып, 374 мың адам жарақат алған, миллиондаған адамдар баспанасыз қалған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG