Accessibility links

Полиция Даниал Ахметовті көрсетілген мекен-жайынан таба алған жоқ


Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшыларына қатысты сот отырысына бұрынғы қорғаныс министрі Даниал Ахметов куәгер ретінде қатысуы тиіс болатын, бірақ оның дәл қазір қайда екені беймәлім болғандықтан, сот төрағасына оның алғашқы тергеу кезінде берген жауабын соңғысы ретінде жазбаша түрде қабылдауға тура келді.

Сот төрешісі Ерлан Тасыровтың айтуынша, полиция сотқа бұрынғы Қорғаныс министрінің көрсетілген мекен-жайынан табылмағаны туралы рапорт берген. Бұған қоса сотқа Даниал Ахметовтің көршілерінің оның қайда екенін айта алмайтындықтарын хабарлаған мәлімдемелері тапсырылған.

Ахметовтың сот ісіне куәгер ретінде шақырылу себебі: қылмыс жасалды деген мерзімде ол Үкімет басшысының қызметін атқарған.

Экс қорғаныс министрінің қызметінен босатылғаннан кейінгі мекен-жайы мен тағдыры беймәлім күйінде қалып отыр. Бұрынғы Қорғаныс министрі Даниал Ахметов маусым айында қызметінен босатылған болатын.
XS
SM
MD
LG