Accessibility links

АҚШ өкілі Минскіде


АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды өкілі Беларусқа барды. Еуропа мен Еуразия мәселелері бойынша мемлекет хатшысының көмекшісі Филлип Гордон біркүндік сапары барысында үкімет басшыларымен және оппозиция жетекшілерімен кездеспек.

Өткен жылдың наурыз айында Вашингтонның Беларусқа енгізген санкцияларынан кейін ресми Минск АҚШ елшісінің елден шығарылуын талап еткен болатын. Осы оқиғадан кейін АҚШ-тың жоғары лауазымды ресми өкілдері Минскіге бармаған.

АҚШ пен Еуропа Одағы президент Александр Лукашенконы өз қарсыластарын қамауда, баспасөз еркіндігін тұншықтыруда және сайлауды бұрмалады деп айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG