Accessibility links

Шешенстанда 6 адам оққа ұшты


Шешенстан ресмилерінің хабарлауынша, бейсенбі күні Грозныйдың жанында полиция мен бүлікшілер деп күдіктелгендердің арасында орын алған атыстан 4 полицей мен 2 содыр қаза тапқан. Шешенстанның басқа ауданында жұма күнгі қақтығыстан Ішкі істер министрлігінің 5 қызметкері жарақат алған.

Ресейдің Солтүстік Кавказ аймақтарында соңғы кездері зорлық-зомбылық әрекеттері көбейіп отыр. Көршілес Дағыстанда бейсенбі күні қарулы адамдар полиция бекетіне шабуылдап, 4 полицей мен 7 әйелді өлтірді.
XS
SM
MD
LG