Accessibility links

Кабулда жанкештілік шабуыл 7 адамның өмірін қиды


Бүгін Ауғанстан астанасындағы НАТО әскерилерінің штабы жанында болған бомба жарылысынан кемінде 3 адам қаза тауып, 90- нан аса кісі жарақат алды.

Елдің Қорғаныс министрлігінің өкілі генерал Захер Азимидің айтуынша, жанкештілік шабуыл халықаралық қауіпсіздік күштері кеңсесінің қақпасы алдында орын алған.

Сонымен қатар бұл маңда Үндістан, Испания, Италия, Құрама Штаттар елшіліктері мен президенттік сарай орналасқан.

Бұл жарылысқа жауапкершілікті талибандар алып отыр. Тәліптер өкілі Забихулла Мужахид ол туралы Рейтерс агентігіне телефон арқылы хабарлап, “Шабуылда нысанаға АҚШ елшілігі алынған еді, бірақ оған жете алмады” деген.

Шабуыл Ауғанстанда 20 тамызда өтетін президенттік сайлауға дайындық жүріп жатқанда болып отыр.
XS
SM
MD
LG