Accessibility links

Обама ирақ босқындарымен жұмыс істейтін екі өкілді атады


Бүгін АҚШ президенті Барак Обама босқындар мәселесін шешуде Ирақ үкіметімен бірге жұмыс жасайтын екі ресми өкілді тағайындады.

Ақ үй өкілі Роберт Гиббстың айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ресмиі Саманта Пауер АҚШ үкіметінің бұл тұрғыдағы жұмысын агенттіктер арқылы кеңірек үйлестіретін болады.

Ал екінші өкіл шетелдік қызмет бойынша офицер Марк Сторелла Ирақ босқындары мен бас сауғалап кеткен адамдарды орналастыру жұмысын үйлестіреді.

Гиббстың сөзіне қарағанда, бұл тағайындаулар өткен айда Ирақ премьер-министрі Нури әл-Мәликидің Вашингтонға сапары кезінде болған талқылаулардан кейін болып отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG