Accessibility links

Суат жазығындағы жарылыстан 3 әскер қаза болды


Бүгін Пәкістанның Суат жазығындағы полиция бекетіне жасалған жанкештілік бомба шабуылынан кемінде үш сарбаз мерт болды.

Әскерилердің мәлімдемесінде, жарылыс Шарбағ маңындағы Вали Абад бақылау бекетінде орын алды делінген.

Бұл пәкістандық күштердің Суат жазығындағы талибан күштеріне қарсы соққы сәтті жасалды деген шілде айынан бергі алғашқы шабуыл болып отыр.
XS
SM
MD
LG