Accessibility links

Шри-Ланка католик шіркеуіне жол ашты


Шри-Ланка билігі аралдағы Рим католиктерінің қасиетті шіркеуіне қойылған тосқауылды алып тастады. Енді зияратшылар ол жерде бүгін өздерінің жылдық фестивалін өткізеді.

Бұл Тамил барыстары жеңіліске ұшыраған солтүстіктегі жағдай қалпына келе бастағанын танытып отыр.

Бүгінгі мерекеге 100 мың адам қатысады деп күтілген.

Шри-Ланка христиандарының бұл шіркеуін азшылық топ тамилдер мен басым халықты құрайтын сингалдар да сыйлайды.
XS
SM
MD
LG