Accessibility links

Мьянма билігі қамаудағы американдықты босатқан


Мьянмада сапармен жүрген АҚШ сенаторы Джим Вебб жексенбі күні еліне қамаудағы американ азаматын алып қайтады.

Джим Вебб АҚШ-тың өтінішін қабылдады деп, Мьянма билігіне алғысын айтқан. Осы аптада американдық Джон Уильям Йеттоуды мамыр айында үйқамақта отырған Аун Сан Су Чжидің үйіне барды деп айыптап, оны қатаң тәртіптегі еңбек лагеріне жапқан еді.

Сондай-ақ, американдық сенатор үкімет үйінде Су Чжимен кездесті. Су Чжи Янгон маңындағы үйіне американдық қонақтың келуімен үйқамақ тәртібін бұзды деп тағы 18 айға үйқамауына алынды.

АҚШ-тың Шығыс-Азия мен Тынық мұхит мәселелері бойынша комитетінің басшысы Джим Вебб Мьянма режимінің басшысымен кездескен бірінші АҚШ өкілі болды.
XS
SM
MD
LG