Accessibility links

Иран оппозиция өкілдерінің сотын жалғастырды


Иранда диссиденттерге қарсы сот жексенбі күні жалғасын тапты.

Соттың таратқан мәлімдемесіне қарағанда, Теһран революциялық сотында 25 адамның ісіне қатысты тыңдаулар өтті. Олардың нақты кімдер екені айтылмады.

Ресми мәліметтерге қарағанда, абақтыда 110 диссидент отыр. Олардың қатарында Теһрандағы Британия мен Франция елшіліктерінің қызметкерлері бар. Олар сайлаудан кейінгі шерулерге қатысты қамауға алынған еді.
XS
SM
MD
LG