Accessibility links

Ауғанстандағы британ әскерінің шығыны 200-ге жетті


Британия әскерилері Ауғанстандағы жарылыста ауыр жараланған сарбазы қаза тапқанын хабарлап, бұл елде мерт болған әскерлер саны 200-ге жеткенін айтып отыр.

Қорғаныс министрлігінің айтуынша, 2-ші батальонның сарбазы сенбі күні Англиядағы госпитальде көз жұмды.

Ол бейсенбі күні Хельманд провинциясындағы жарылыста ауыр жарақат алған. Британия Қорғаныс министрлігі адам шығыны ұлғайғанына қарамастан, Ауғанстандағы миссиясын жалғастыра беретінін айтып отыр. Ауғанстанда Британиялық 9 мың жасағы бар.
XS
SM
MD
LG