Accessibility links

Мысыр президенті АҚШ-қа сапарын бастады


Мысыр президенті Хосни Мүбарак Құрама Штаттарға соңғы бес жылдағы алғашқы сапарын бастап отыр. Ол американдық әріптесі Барак Обамамен Таяу Шығыста бейбіт өмір қалыптастыру мәселесін талқылайды.

Мүбаракпен бірге Вашингтонға барған бірнеше министр АҚШ әкімшілігінің ресмилерімен кездесіп, сейсенбі күні Мүбарактың Обамамен келіссөздері жүреді.

Мысыр президенті сонымен қатар дүйсенбі күні американдық еврей топтарының жетекшілерімен кездеспекші.

Мысыр сыртқы істер министрі Ахмед Абул Гейттің хабарлауынша, Обама мен Мүбарактың келіссөздері Таяу Шығыс, Иранның ядролық бағдарламасы және Судан мәселесі тақырыбында өтеді.
XS
SM
MD
LG