Accessibility links

Чехияның оңтүстігінде ұшақ құлап, ұшқыш пен жолаушылар қаза болды


Чехияның оңтүстігінде Страконице қаласында бортында 4 адамы бар Cessna жеңіл ұшағы жарылып, соның салдарынан үш адам қаза болған, 10 жастағы қыз бала ауыр дене жарақатымен ауруханаға түскен.

Ұшақ сол өңірді аралап, туристік саяхат жасау мақсатында жолға шыққан, апатқа себеп техникалық ақау болған деп болжануда.

Чехия БАҚ ұшу аппараттарының апаты салдарынан өлімнің көбейіп отырғандығын хабарлауда. Тек 2006 жылдан бері ғана жеңіл ұшақтардың апатынан 39 адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG