Иран соты президент сайлауында жеңілген реформашыл үміткер Мехди Каррубидің газетіне тыйым салды. Оның алдында бұл басылымда қамауға алынған кей шерушілер абақтыда қорлық көрді немесе қинап-азапталды деген мәлімдемелер жарияланған болатын.
Каррубидің ұлы Хоссейннің айтуынша, билік орындары «Етемед Мелли» газетін уақытша тоқтатқан. Аталған басылымда сондай-ақ Иран оппозициясының жетекшісі Мир Хоссейн Мусави наразылық шерулерін одан әрі жалғастыруды жоспарлауда деген ақпарат шыққан болатын.