Accessibility links

Мысыр президенті АҚШ ресмилерімен кездеспек


Мысыр президенті Хосни Мубарак бүгін Вашингтонда АҚШ ресмилерімен кездеседі. Ол АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен, Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джэймс Джонспен және Ұлттық барлау директоры Деннис Блэрмен кездескен соң сейсенбі күні Ақ үйге барады. Онда Мубарак АҚШ президенті Барак Обамамен келіссөз өткізеді.

Обама Таяу Шығыстағы бейбітшілік үдерісін жандандыру өз әкімшілігінің басты мақсаты болатынын айтқан еді.
XS
SM
MD
LG