Accessibility links

Француз азаматы Иран түрмесінен босатылды


Иран биілігі француз мұғалімінің көмекшісін түрмеден босатып, Франция елшілігіне тапсырды. Алайда Франция үкіметі Иранды Клотильда Рейске тағылған айыптарды алып тастауға шақырды.

Президент Николя Саркозидің мәлімдеуінше, Рейске қарсы ашылған қылмыстық істі мүлдем ақтауға болмайды. Клотильда Рейске Иран билігін құлатуға бағытталған көтеріліске қатысы бар деген айыптар тағылып отыр.

Франция сыртқы істер министрі Бернард Кушнердің хабарлауынша, Рейсті азат ету үшін кепіл берілген, ол қаржы көлемі аса көп болмаған.
XS
SM
MD
LG