Accessibility links

Пәкістандағы шабуылды Талибан жүзеге асырды


Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешауар қаласының сыртында орын алған жанкештілік шабуылдан кемінде 6 адам қаза тапты, олардың үшеуі балалар.

Полицияның хабарлауынша, дүйсенбі күні Чарсада ауданының Шабқадар отын станциясында бір жанкешті кісі жарылғыш заттарға толы көлікті жарып жіберген. Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті Талибан жауынгерлері өз мойнына алып отыр.

Сонымен қатар Пәкістан күштері Суат жазығында 13 бүлікшіні өлтіргендерін хабарлады. Бұл аймақта үкімет күштері бірнеше ай бойы Талибанға қарсы операциясын жүргізген болатын.
XS
SM
MD
LG