Accessibility links

КИСИ: Қытаймен арадағы өзендер ресурсын бөлу туралы келіссөздер нәтижесіз болып отыр


Қазақстан президентінің жанындағы стратегиялық зерттеулер институты (КИСИ) шекаралық өзендер ресурсын бөлу туралы Қытаймен арадағы келіссөздер әзірге нәтижесіз болып отыр деп хабарлайды.

Шектес аумақтардағы белсенді шаруашылық жұмыстарының кесірінен Қазақстан су қоймаларының тайыздануы байқалады.

Қазақстандық мамандардың мәліметінше, су ресурстарын бөлудегі Қазақстан мен Қытайдың «ұстанымдарының үйлеспеуіне» Қытай жағының шекаралық Іле өзені арнасынан шығатын жаңартылған судың 70 %-ын иемденуі себеп болып отыр.

Бұл өз кезегінде Іле өзені мен Балқаш көлі экожүйесінің нашарлауына себеп болады. КИСИ-дің мәліметінше, 2006 жылдың желтоқсан айында су ресурстарын бақылау жөнінде ақпарат беру туралы екі жақты міндеттеме белгілеген құжатқа қол қойылған болатын. Бірақ мамандар Іле өзіне бойынша ешқандай ақпарат берілмегенін айтады.

Қытайда ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке қажетті су көлемі жыл сайын көбейіп келеді. 1995-2003 жылдар аралығында ғана Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданындағы суармалы жердің көлемі 4 есеге ұлғайған.
XS
SM
MD
LG