Accessibility links

Ауғанстанда сайлау күнгі тәртіпті НАТО қадағаламақ


Ауғанстанда президент сайлауы күні НАТО-ның басқаруындағы халықаралық күштер жауынгерлерге қарсы шабуыл операцияларын тоқтатпақ.

Коалиция күштері басшылығының мәлімдеуінше, бұл күні бейбіт тұрғындарды қорғау мақсатындағы шаралар ғана қолданылмақ. Бұдан бұрын ел президенті Хамид Карзай сайлау күні бітімге келуге шақырған болатын.

Бейсенбі күні, яғни 20- тамызда ауғанстандықтар ел президенті мен провинциялық кеңестердің депутаттарын сайлайды.
XS
SM
MD
LG