Accessibility links

Кабулдағы жарылыс 6 адамның өмірін қиды


Бүгін Ауғанстан астанасында орын алған жанкештілік шабуылдан кемінде 6 бейбіт тұрғын қаза тауып, 20 шақты кісі жарақат алды.

Ауған ресмилерінің айтуынша, жарылыс қаланың шығысындағы халықаралық күштер жиі өтетін үлкен жолда болған.

БҰҰ-ның өкілі Алим Сиддиқ жараланғандар арасында ұйымның 3 ауғандық қызметкері бар деп отыр.

Оның алдында Кабулдағы президенттік сарай жанында екі бірдей миномет жарылысы орын алды, бірақ ешкім зардап шекпеді.
XS
SM
MD
LG