Accessibility links

Ресейлік аквалангист жағаға аман шыққан


Мысырда жоғалып кеткен ресейлік 4 аквалангистің біреуі табылды. Ол су астына секіріп, хабарсыз кеткендердің бірі - Виталий Иванов өзінің Қызыл теңіз жағалауына шығу үшін 20 шақырым жүзіп шыққанын айтқан.

Қалған үш ресейлік сүңгігіштің қайда екені беймәлім. Құтқарушылар оларды әлі іздестіріп жатыр.

Алты адамнан құралған ресейлік топ дүйсенбі күні Мысырдың курортты қаласы Марса Алам маңында су түбінде жүзуге шыққан.
XS
SM
MD
LG