Accessibility links

АҚШ генералы Өзбек президентімен кездесті


Өзбекстандағы АҚШ елшілігінің хабарлауынша, бүгін өзбек президенті Ислам Каримов Құрама Штаттар генералы Дэвид Петреуспен аймақтық қауіпсіздік келіссөздерін өткізді.

Елшілік таратқан мәлімдемеде, Петреус пен Каримов Ауғанстандағы жағдайға байланысты мәселелерді талқылады делінген, бірақ егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.

Американдық генерал сонымен қатар өзбекстандық қауіпсіздік және қорғаныс ресмилерімен кездескен.

Петреуспен кездесуден кейін президент Ислам Каримовтың Өзбек-АҚШ байланыстары даму үстінде дегенін УЗА ақпарат агенттігі беріп отыр.
XS
SM
MD
LG