Accessibility links

Майкл Джексон өзінің туған күнінде жерленбек


«Поп музыканың патшасы» – Майкл Джексонның денесі өзінің туған күнінде, яғни 29-тамыз күні жер қойнына тапсырылмақ. Глендэйл қаласында өтетін жерлеу рәсіміне әншінің туған-туыстары мен жақын достары ғана қатысады деп хабарлануда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, әйгілі әнші жүрек талмасынан 25 -маусым күні ауруханада көз жұмған еді. Поп королдің өлімінің себептері әлі де іздестірілуде, оның өліміне мөлшерден тыс қабылданған тыныштандыратын дәрілер себеп болды деген де күдік бар.

50 жасында өмірден өткен музыка әлемінің феномені Майкл Джексонның дүниежүзі бойынша 750 млн альбомы сатылған.
XS
SM
MD
LG