Accessibility links

Рамазан Есіргеповті қорғау штабы Амангелді Шабдарбаевтан ашық түсініктеме беруді талап етуде


Азаттық тілшісінің мәліметінше, журналист Рамазан Есіргеповті қорғау үшін құрылған штабтың құрамына өз еркімен кіріп, қолдау көрсетушілердің республикалық деңгейдегі саны артып артып отыр.

«Журналистер қауіп-қатерде» қоғамдық қорының президенті Розлана Таукина Рамазан Есіргеповтің ісіне биліктің назары толық ауғанша әртүрлі қарсылық акцияларын апта сайын өткізіп отыратындарын мәлімдеді.

Сонымен қатар, қазіргі күні барлық оппозициялық партиялардан қолдау көріп отырған Рамазан Есіргеповті қолдау штабы ҰҚК -нің төрағасы Амангелді Шабдарбаевтан Р.Есіргеповтің ісіне байланысты қоғамдық дәрежеде ашық түсініктеме беруін талап етіп хат жолдап отыр.
XS
SM
MD
LG