Accessibility links

Франция Бағдадтағы шабуылдарды айыптады


Ирақ астанасындағы шабуылдардан кемінде 75 адам қаза тауып, 300-ден аса кісі жарақат алды. Полицияның хабарлауынша, бұл шабуылдар Бағдадтың орталығындағы үкіметтік ғимараттардың жанында орын алған.

Алғашқы жарылыс мұқият қорғалатын Жасыл аймақтағы Ирақ парламентінің алдында болып, ғимарат терезелерін сындырған. Екінші бомба Қаржы министрлігі жанындағы бір көлікте жарылып, бір көпірді қиратқан.

Франция сыртқы істер министрі Бернард Кушнер сәрсенбі күнгі жарылыстарды айыптап, бұл шабуылдар Ирақ егемендігінің негізгі рәміздеріне бағытталған көрінеді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG