Accessibility links

Ресей мен Украинаның премьер-министрлері Польшада кездеспек


Украина үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ресей мен Украинаның премьер-министрлері Польшаның үкімет басшысы Дональд Тусктің шақыртуымен 1-қыркүйек күні Польшада екі жақты кездесу өткізбек. Бұл келісімге Ю.Тимошенко мен В.Путиннің телефон арқылы әңгімесі барысында қол жеткізілді.

Телефон арқылы әңгімеде тараптар осы жылдың қазан айында Украинада өтетін Ресей –Украина экономикалық комитетінің 5-отырысы жайын сөз етіп, күн тәртібін талқылады. Қазан айында қарастырылатын сұрақтардың арасында Ан-70 ұшағын бірігіп шығару, сонымен қатар басқа да экономикалық ынтымақтастық мәселелері бар.
XS
SM
MD
LG