Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгін «Қаламгер» баспасөз үйінде Қытайдың Үрімжі қаласында болған оқиғадан кейін құрылған Қазақ-ұйғыр жастарының ынтымақтастық және достық комитеті осы оқиғадан түсірілген суреттер көрмесін өткізуді жоспарлаған.
Алайда, «Қаламгер» баспасөз үйі аяқ астынан сурет көрмесін өткізуге рұқсат бере алмайтындарын айтқан. Сурет көрмесі мен Қазақ-ұйғыр жастарының ынтымақтастық және достық комитетін таныстыруға арналған баспасөз мәслихатынының неліктен өтпегенін жиналған журналистерге баяндап тұрған жерде комитеттің тең төрағалары Ермек Нарымбаев пен Әбдірашит Тұрдиевті Медеу аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері алып кетті.
Медеу аудандық ІІБ Ермек Нарымбаев пен Әбдірашит Тұрдиевке рұқсат етілмеген митинг өткізгендері үшін Медеу аудандық прокуратурасының атынан ескерту жасағаннан кейін барып босатты.